«Saltanat Stroy Service» компаниясы қызмет еткен 5 жылдың ішінде мамандардың жоғары біліктілік деңгейінің, өзіндік құрылыс техникасының және жеткізушілермен ретке  қойылған ынтымақтастың арқасында  ірі ауқымдағы 10 құрылыс жобасын сәтті аяқтады.

Біз Каспий теңізінің қайраңында құрылыс жұмыстарын жүргізуде тәжірибесі мен лицензиясы бар Батыс Қазақстан аумағындағы аз ғана компаниялардың бірі болып табыламыз.

«Saltanat Stroy Service» компаниясы «NCOC», «TCO» және «ISKER Consortium» секілді белгілі компаниялар үшін бірқатар құрылыс жұмыстарының орындаушысы болып табылады. Біз жер қазу және бетон құю жұмыстарын, тот басуға қарсы және оттан қорғау бояуларымен жұмыс, қала инфрақұрылымын салу жұмыстарын орындадық.

«Saltanat Stroy Service» құрылыс компаниясы құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешенін қамтамасыз етуге,  бұл ретте компанияның Тапсырыс берушілерімен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға дайын.  

Біз толық циклдегі құрылыс компаниясы болып табыламыз және барлық инженерлік коммуникацияларды енгізуді ескере отырып, құрылыс жұмыстарын орындаймыз.

Біздің компания қызметкерлерінің штаты кең және бір бағыттағы тәжірибелі мамандардан тұрады, бұл бізге жұмыстарды барынша тиімді әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан нарығында құрылыс үрдістерінің қарқындап өсуін ескере отырып, «Saltanat Stroy Service» компаниясы құрылыс саласында таза бәсекелестік құру үшін өз қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттырып отырады.