
Оқшаулау жұмыстары – бұл конструкцияларды ылғалдан, жылудан немесе дыбыстан қорғауға бағытталған жұмыстар.
-
Гидрооқшаулау – бұл объектіні ылғалдың енуінен қорғау.
-
Жылуоқшаулау – бұл объектіге жылудың кіруін немесе шығуының алдын алу.
-
Дыбыстық оқшаулау – бұл конструкцияны бөтен дыбыстардың үй-жайға кіруінен қорғау. Оқшаулау жұмыстары ішкі және сыртқы жұмыстарға бөлінеді. Оқшаулау жұмыстарының қайда жүргізілуіне байланысты оларды жер үсті, жер асты және су астындағы жұмыстарға бөлуге болады. Оқшаулау жұмыстары қабырғаларға, шатырларға және іргетастарға қолданылады.
«Saltanat Stroy Service» компаниясының мамандары құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін сапалы және білікті орындайды.