Бетондау жұмыстары -  бұл белгілі бір құрылыс жұмыстарының жүйелі технологиялық процесі, бұл жұмыстардың барысында объектілер құрылысында пайдаланылатын берік монолитті конструкциялар жасалады.

Бетондау жұмыстары цемент, қож, қиыршық тас, құм және тағы басқа материалдардың көмегімен  орындалады.

Бұдан басқа, бетондау жұмыстарының процесіне аумақты дайындау және белгілеу,  топырақты күшейту, іргетасты арматуралау, тегістеу, шой таспен толтыру мен  нығыздау, және де бетон құю кіреді.